Анасы мен сәбиін қаққан жүргізуші әлі табылмады

Фото: ЖИ/ MadeniPortal.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
27

Қызылорда полициясы анасы мен сәбиін көлікпен қағып, оқиға орнынан қашып кеткен жүргізушіні бір аптадан астам уақыттан бері іздеп жатыр, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Бес айлық сәби қаза тауып, анасы жансақтау бөліміне түскен.

Қызылорда облысының полициясы 2000 жылғы 1 шілдеде туған Алексей Александрович Великовке іздеу жариялады.

Ол Қылмыстық кодекстің 345-бабының 3-бөлігінде көзделген — абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол жүрісі қағидаларын бұзу қылмысын жасады деген күдікке ілінген.

Полиция ер адамның жүрген жері туралы білетін азаматтардан 8 (7242) 27-77-01, 27-64-71, 29-75-07, 27-42-06, 29-75-69, 27-45-47 нөмірлеріне хабарласуды сұрайды.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Депутат Айнагүл Балташева педагог-ассистенттердің еңбегіне бірыңғай талап енгізуді ұсынды, деп хабар...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Олжас Абай Instagram парақшасында өзінің және Дариға Бадықованың атынан жасанды интеллект арқылы дай...