Парадзюдодан Қазақстан қоржынына тағы бір алтын қосылды

Фото: Қазақстан Ұлттық паралимпиадалық комитеті

СПОРТ
114

Қазақстандық парадзюдошы Жұрқамырза Шүкірбеков Азия Пара ойындарының чемпионы атанды. Ол шешуші белдесуде ирандық қарсыласын жеңіп, ел қоржынына тағы бір алтын медаль салды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. 

Жұрқамырза Шүкірбеков парадзюдодан J2 санатында 95 келіден жоғары салмақ дәрежесінде өнер көрсетті. Финалда ол Иран спортшысы Мохаммад Реза Кхеироллахзаде Варзимен кездесіп, жеңіске жетті.

Осылайша, қазақстандық спортшы Азия Пара ойындарының алтын жүлдегері атанды. 

Еске салайық, бұған дейін қазақстандық пара жүзуші Диас Кенжебек те алтын медаль жеңіп алып, Азия рекордын жаңартқан еді. Ол S10 санатында 100 метрге шалқалай жүзуден 1 минут 1,98 секунд нәтижемен мәреге бірінші жетті. Осылайша, 1 минут 3,73 секунд болған бұрынғы рекордты жаңартты.

Диас Кенжебек бұған дейін 200 метрге кешенді жүзуден және 100 метрге еркін стильде жүзуден екі күміс медаль иеленген.

Сондай-ақ, бұған дейін Жапонияда өтіп жатқан V Азия Пара ойындарында қазақстандық пара дзюдошылар Ақтолқын Сейілбекова мен Зарина Раифова алтын медаль жеңіп алғанын хабарлаған болатынбыз. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астанада жедел қызметкерлердің көзіне түскен "Пепе" интернет-дүкені арқылы елордада есірткіні тарату...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облысында туған ұлынан қорлық көргенін  90 жастағы Әділхан Сисеновтің денсаулығы нашарла...