Олжас Бектенов Әділбек Жақсыбековтың күйеу баласы ма? Премьер-министр жауап берді

Сурет ашық дереккөзден алынды

ЖАҢАЛЫҚТАР
2483

Премьер-министр Олжас Бектенов әлеуметтік желілерде тараған қауесеттерге қатысты пікір білдірді, деп хабарлады MADENIPORTAL.KZ.

Бұл туралы Qaz365.kz жазды.

Астанада өткен баспасөз мәслихатында журналистер үкімет басшысынан:

«Сіз шынымен Әділбек Жақсыбековтің күйеу баласысыз ба? Егер олай болмаса, кімнің күйеу баласысыз?» – деп сұрады тілшілердің бірі.

Премьер бұл ақпаратты жоққа шығарып, ешбір шенеунікпен туыстық қатынасы жоғын нақты айтты.

«Бұл мәлімет шындыққа сай емес. Мен қазіргі немесе бұрынғы ешбір шенеунікпен туыстық байланыста емеспін. Мен – қарапайым қазақ отбасының күйеу баласымын. Ал қай отбасыға күйеу бала екенім – жеке мәлімет, оны жариялауды қажет деп санамаймын. Сіз атаған ақпарат – жалған», – деді Олжас Бектенов.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Wildberries логистикалық орталықтарына жасалған шабуылдар салдарынан 100-ден астам қазақстандық кәсі...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте Нұрай Серікбайдың қазасына байланысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы жалғасып жатыр. Сот...