Түркістан облысында Қызыл кітапқа енген өсімдіктерді заңсыз тергендер ұсталды

Polisia.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
704
Түркістан облысы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ҚР Қызыл кітабына енгізілген сирек кездесетін өсімдіктерді заңсыз жинаумен айналысқан тұлғалар тобының әрекетіне тосқауыл қойды, деп хабарлады MadeniPortal.kz .

ҚР ІІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, полицейлер таулы аймақтарда тыйым салынған өсімдік түрлерін жинады деген күдікпен Төлеби ауданының алты тұрғынын ұстады.

"Тексеру және тінту жұмыстары кезінде жалпы салмағы шамамен 100 келіден асатын 3000-нан астам макротомия өсімдігінің тамыры және арнайы қолдан жасалған күректер тәркіленді. Аталған дерек бойынша сирек кездесетін, жойылу қаупі төнген және айналымына тыйым салынған өсімдіктермен заңсыз әрекет ету фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Бүгінде істің барлық мән-жайын толық әрі жан-жақты анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жалғасып жатыр", делінген хабарламада.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Екі ел делегацияларының қатысуымен өткен келіссөз барысында Президент өзара ықпалдастықты одан әрі н...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақтөбе облысында мұнай саласының екі жұмысшысы арасындағы жанжал ауыр қылмыспен аяқталды, деп хабарл...