"Оңай болмайтынын білмедім": Фариза Төреәлі ерте тұрмысқа шығудың кемшіліктерін атады

Фото интернеттен

Жаңалықтар
3347

Блогер 18 жасында спортшы Дархан Нортаевқа тұрмысқа шыққан. Белгілі блогер, кәсіпкер Фариза Төреәлі ерте тұрмысқа шығудың кемшіліктерін атап өтті, деп хабарлайды Мәдениет порталы inbusiness.kz сайтына сілтеме жасай отырып.

“Тұрмысқа шыққанға дейін менің сүйікті жұмысым, қаржы еркіндігі, саяхат, жүрек тыныштығы, бағалы сыйлықтар болған жоқ. Қазіргі өмірім – амалдар мен еңбектің нәтижесі. Басқа қыздар секілді менде де арман болды. Қымбат көлік, өз баспанамыз, бір-бірімізді түсінетін деңгейге жетсек деп армандадым. Тіпті, 18 жасында тұрмыс құрғанымда қарым-қатынастың мұншалықты оңай болмайтынын білмедім. Мида сан түрлі сұрақ, неге түсінісу қиын, неге жоқ жерден ұрыс пайда болады, нақты не істеу керегін білмедім. Не өзімді, не жолдасымды толыққанды ұғына алмайтын едім. Адамнан әрекет керек екенін кейін түсіндім. Ешкім саған бақытты болудың жолын үйретпейді”, – деп жазды блогер. 

Блогердің айтуынша, Қазақстан ажырасу бойынша әлемдегі 114 мемлекеттің ішінде 16-орында тұр.

“Бұл ер адамға байланысты. Неге? Өйткені үйленгеннен кейін ол баладан ересек позициясына уақытылы көше білу керек. Ересек позициясы дегеніміз – өз-өзіне, өз отбасына жауапкершілік ала білу. Сырттан ешкімді кіргізбей, "бұл – менің шекарам, менің отбасым, ешкім кірмейді, өз мәселемді өзім шешемін, әйелімнің және менің арамда болып жатқан жағдай біздің арамызда қалады" деу. Әйел адам – Алладан бізге берілген үлкен аманат. Көп ер адам үйленгеннен кейін әйеліне зат секілді қарайды. Осының бәрі дұрыс болмағандықтан, бір-бірін сүйіп қосылған жастардың ажырасу ықтималдылығы жоғары болады. Сол үшін бәрінің алдын алу керек", – дейді спортшы, блогердің күйеуі Дархан Нортаев. 

Жаңалықтар

«Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Әсел Жанасова журналистердің сұрағына жауап берді, деп х...

Қоғам

Алматыда баннер орнатып жатқан өнеркәсіптік альпинист 12-қабаттан құлап, қайтыс болды, деп хабарлады...