Онлайн-лотерея ісі бойынша сот үкімі: Жүкті әйелдер мен жас аналар да түрмеге түседі

Фото: видеодан скриншот

ЖАҢАЛЫҚТАР
862

Ақтөбеде заңсыз онлайн-лотерея ісі бойынша сот үкімі қоғамда үлкен дау туғызды. Қаладағы клубтардың бірінде кассир әрі администратор болып істеген жеті қызға сот 2 жылдан 6 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын кесті, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ sn.kz-ке сілтеме жасап. 

Тергеу дерегінше, бұл мекеме 2 миллиард теңгеден астам шығын келтірген. Сот қыздарды қылмысқа қатысы бар деп танып, әрқайсына әртүрлі мерзім белгіледі. Алайда сотталғандардың туыстары шешімге үзілді-кесілді қарсы.

Олардың айтуынша, қыздар тек операторлық қызмет атқарған, мекеменің заңсыз екенін білмеген.

«Қызым жай ғана қоңырау қабылдап отырды, ешқандай басшылық қызмет атқарған жоқ. Енді кішкентай баласын тастап түрмеге отырмақ», – дейді ашынған ата-аналар.

Қоғамда ерекше резонанс тудырған жайт – сотталғандардың арасында жүкті әйелдер мен кішкентай баласы бар аналардың болуы.

«Бұл шешім әділетсіз, аналарды жазалау – балаларды жетім қалдырумен тең», – деп пікір білдіруде көпшілік.

Қорғаушылар істі қайта қарауды, қосымша сараптама жүргізуді сұрағанымен, өтініштер қанағаттандырылмаған. Қоғам белсенділері әділ соттың қажеттігін және барлық мән-жайдың қайта қаралуын талап етуде. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте тағы бір әйел пышақ жарақатынан қаза тапты, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Шымкент қалас...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатов екінші жары Айманмен бірге қасиетті Мекке мен Мединаға қажылық сап...