Экс-министрдің әйелі әділет талап етіп, Президентке видеоүндеу жасады

Коллаж: MADENIPORTAL.KZ

ЖАҢАЛЫҚТАР
894

Экс-министр Арыстанбек Мұхамедиұлының жұбайы Тоқаевқа үндеу жолдады, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ. 

Қазақстанның бұрынғы Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының әйелі — Ғалия Ысқақова Президентке заңсыздықты тоқтату туралы өтінішпен бейне үндеу жолдады.

Әлеуметтік желілерде жарияланған видеода Ысқақова кәсіпкер Серік Қарымсақов "Дипломат" қонақ үйін сатудан түскен қаражатты қайтармағанын айтты.

"2019 жылдан 2022 жылға дейін Серік Қарымсақов “Дипломат " қонақ үйін екі рет сатты және судьялардың көмегімен оны сатудан түскен миллиардтаған теңгені қайтармады. Ол алғаш рет қонақ үйді 2019 жылдың 24 мамырында 2,5 млрд теңгеге сатты. Осы ақшаны жұмсағаннан кейін ол объектіні сатуға қоймадым деп сотқа шағым түсірді. Судья талапты қанағаттандырып, Қарымсақовтың сатып алушыға тек 500 млн теңге қарыз екенін айтты", - деді Ермакова.

Экс-миничтрдің жұбайының айтуынша, Қарымсақовтык қонақүйге иелік ететін үлесі - 71% екен.

"2020 жылдың 2 маусымында "Ақтерек LTD" ЖШС-дегі үлесін 2,7 млрд теңгеге сатты. Алайда, 2022 жылы ол бұл келісімді жасамадым деп тағы да сотқа жүгінді. Судья Каримова, бірінші жағдайдағыдай, талапты қанағаттандырып, Қарымсақовқа 71% үлесін және қонақүйдің өзін қайтарып берді. Бұл ретте біздің отбасымызға 2,7 млрд теңге қайтарылған жоқ. Ол менің күйеуіме қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын пайдаланып, өзін зардап шеккендерше көрсетті", — деп атап өтті ол.

Өтініш соңында экс-министрдің жұбайы Президенттен осы жағдайға қатысқандардың барлығын жауапкершілікке тартуды сұрады.

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Түркістан қаласындағы Жастар ресурстық орталығының амфитеатрында әскерге шақырылғандарды салтанатты...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Аптап ыстықтың салдарынан Манитоба мен Онтарио провинцияларында орман өрті басталды, деп хабарлайды&...