Жол апаты Екатеринбург-Алматы тас жолының 1300-шақырымында болған, деп хабарлайды MadeniPortal.kz....
1 шілдеден бастап аулаларда көлік қоюға тыйым салынбайды: ІІМ жауап берді
Фото: Pixabay
Әлеуметтік желіде 1 шілдеден бастап тұрғын үйлердің аулаларында көлік қоюға тыйым салынатыны туралы ақпарат тарады. Осыған байланысты ішкі істер министрлігі ресми түсініктеме беріп, мұндай өзгерістердің енгізілмегенін мәлімдеді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Ішкі істер министрлігі әлеуметтік желілерде тараған тұрғын үйлердің аулаларында көлік қоюға тыйым салынатыны туралы ақпаратқа қатысты түсініктеме берді.
Мәліметтерге сенсек, биыл 1 шілдесінен бастап тұрғын үйлердің аумағында көлік құралдарын қоюға шектеу енгізілетіні жөніндегі хабарламалар шындыққа сәйкес келмейді.
ІІМ баспасөз хатшысы Шұғыла Тұрлыбектің айтуынша, жол жүрісі қағидаларына көлік құралдарын тоқтату және тұраққа қою тәртібіне қатысты ешқандай өзгеріс енгізілмеген. Қолданыстағы талаптар бұрынғыдай күшінде қалады.
"Министрлік көлік құралдарын гүлзарларға, көгалдарға, балалар және спорт алаңдарына қоюға әрі тоқтатуға тыйым салынатынын еске салады. Жол қозғалысына қатысушылардың барлығы жол жүру ережелерін қатаң сақтап, өзара құрмет пен жауапкершілік танытуы қажет. Ведомство балалардың қауіпсіздігіне ерекше назар аударуға шақырды. Ата-аналар мен заңды өкілдерге балалардың көшедегі жүріс-тұрысын бақылауды күшейтіп, жолдың жүріс бөлігінде және өмір мен денсаулыққа қауіп төндіретін өзге де орындарда ойнауға болмайтынын үнемі түсіндіріп отыру ұсынылды", - делінген полиция жауабында.
Ведомство өкілдерінің сөзінше, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен жол-көлік оқиғаларының алдын алу барша азаматтың ортақ міндеті.