Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевке Маңғыстау облысында Әзербайжанның әуе жолдары ұшағы апа...
«Құтырып кетіпсіз»: Нұрлан Қоянбаев өзін сынаған белгілі журналистке жауап берді
коллаж: madeniportal.kz
«Президент» арнайы жобасының авторы әрі журналист Әділ Балтабаев «Қайрат» пен «Реал» ойыншыларына қатысты пікірін жазды, деп хабарлады MADENIPORTAL.KZ.
Пікірде ойыншыларға қолдау көрсетудің орнына келекі қылғандарды жазды. Соның ішінде танымал актер әрі продюсер Нұрлан Қоянбаевтың да жазбасын сынады.
«Мен үлкен респект білдіргім келеді @archibaaalt-қа, қазіргі күндері барлығы Мбаппенің чемоданын талқылап жатқанда, «Қайратты» қатты қолдап жүргеніне. Біздің футболшылар кімге қарсы алаңға шығатынын жақсы түсінеді, сондықтан олардың атына айтылып жатқан күлкілі әжуа, соның ішінде Қоянбаевтан шыққаны да, мүлде орынсыз. Жігіттерге дәл қазір осында қолдау керек. Себебі олар мұндай қолдауды сырт алаңда ешқашан алмайды. Сол үшін барлық алматылық блогерлер «Қайраттың» айналасына бірігіп, өздерінің миллиондаған аудиториясын клубты қолдауға бағыттауы қажет», - деді Әділ Балтабаев.
Бұл жазбаға Нұрлан Қоянбаев жауап жазды.
«Балтабаев Президенттің жанында жүріп құтырып кетіпсіз ғой. Коянбаев емес,Нурлан Коянбаев деп жазбайсыз ба. Патриот болсаңыз қазақша жазып жібермедіңіз ба?», - деді продюсер.