Оралда 5-сынып оқушысын сыныптастары соққыға жықты

Фото: freepik.com

ЖАҢАЛЫҚТАР
2229

Оралда мектеп оқушысын сыныптастары соққыға жығып, телефонын сындырды, деп хабарлайды madeniportal.kz. 

Бұл жағдайды оқушы қыздың анасы айтты. 5-сынып оқушысының анасы сыныптастары қызын артық салмағы мен көзілдірік таққаны үшін шеттететінін мәлімдеді. 

Ал қыздың соққыға жығылғанына бір ай болған, бірақ әлі күнге дейін ешкім жазаланбаған.

“Оны сыныптастары ұрып-соққан екен. Үшеуі ұрған, тағы екеуі телефонды алып, доп сияқты бір-біріне лақтырып ойнаған. Қызымның миы шайқалған. Басының, қолының және жамбасының жұмсақ тіндері көгерген”, - дейді оқушы қыздың анасы.

Кейін әйел полицияға арыз жазған. Бірақ мектеп меңгерушісінің өтінішімен арызын қайта алған. Бірақ жиналыста бірде-бір ата-ана баласы үшін кешірім сұрамаған. 

Оқушы қыздың анасы соққыдан кейін қызының көру қабілеті күрт нашарлағанын айтты. Қызының жағдайына алаңдаған ана қайта арыз жазған. 

СПОРТ

Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов үлкен спорттағы мансабын жалғастырып, 2028 жылы Лос-Андже...

PESTEL

Непалда алапат су тасқынынан кейін жоғалып кеткен әйел 10 күннен соң үйінді астынан тірі құтқарылды,...