«Атама ат мінгіземін»: Қамалған қарияға араша түскен азамат тосын мәлімдеме жасады

коллаж: MadeniPortal.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
754

Әлеуметтік желіде тараған жазбада азаматтардың бірі ел арасында талқыға түскен қарияға қолдау білдіріп, оған ат мінгізгісі келетінін жеткізді, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Автор жазбасында адамның қателесуі мүмкін екенін айтып, қарияның айтқан сөзі үшін оны қоғамнан оқшаулап, көшеге шығуға қиналатындай жағдайға жеткізбеу керектігін атап өткен.

«Бәріміз қателесеміз. Келесі жолы абайлап сөйлер. Бірақ бұл ағамыз соншалық елден оқшауланып, көшеге шыға алмай қалатындай ештеңе айтқан жоқ», – деп жазды ол.

Сонымен қатар автор қарияның көңілін көтеру мақсатында оған Алланың разылығы үшін ат мінгізгісі келетінін айтып, оның байланыс нөмірін білетін азаматтардан хабарласуды сұраған.

«Қоғамға наразы болып жатқаны ер мен ұрғашының бөлек отырсын дегені. Әрине ойын дұрыс жеткізе алмады. Бірақ бұл қоғамның дәл осындай сәтте резонанс тудырғаны. Енді тойда арсыздық мәселері болып жатса, қариялар үндемей отырады. Онсызда қарияларымыз деградацияға ұшырап жатыр», - деді автор.

Жазба авторының бұл бастамасы қарияға моральдық қолдау көрсетіп, оның көңілін аулауды көздейді.

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанда зейнетақы аннуитеті арқылы зейнет жасына жетпей-ақ өмір бойы төлем алуға болады, деп хаб...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Депутат Айнагүл Балташева педагог-ассистенттердің еңбегіне бірыңғай талап енгізуді ұсынды, деп хабар...