Ресейде Aromabook, Scentbook деген баспалар бар. Алма туралы өлең болса, алманың иісі шығады. Өте та...
Оралда ер адам 3 метрлік құдыққа құлап кетті
Сурет: ТЖМ
2627
БҚО құтқарушылары ер адамға көмектесті, деп хабарлайды madeniportal.kz.
Бүгін Орал қаласында Урдинская көшесінде үй маңында 1989 жылы туған ер адам үш метрлік люкке құлады. Жанынан өтіп бара жатқан адамдар көмек сұраған дауыстар естіп, 112 қызметіне қоңырау шалды.
Құтқарушылар дереу оқиға орнына барып, альпинистік жабдықтардың көмегімен ер адамды люктен шығарды. Зардап шеккен адам жедел медициналық жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды.