АҚШ-тағы Гарвард университетінің ғалымдары және интернет алыбы Google адам миының ең егжей-тегжейлі...
Әйелін ит қапқан: Ақмола облысында жануарды балтамен өлтірген ер адамға үкім шықты
Фото: freepik
Ақмола облысында әйелін ит қауып алғаннан кейін жануарды балтамен ұрып өлтірген ер адам сот алдында жауап берді, деп хаюарлайды MadeniPortal.kz.
Сот материалдарына сәйкес, оқиға Жақсы ауданында болған. Жергілікті тұрғынның әйелін оның танысының иті тістеп алған. Бұл туралы білген ер адам ашуға беріліп, ит иесінің үйіне барған.
Сол жерде ол жануарды балтамен ұрған. Ит алған жарақатынан өліп қалған.
Сот отырысында айыпталушы кінәсін толық мойындап, жасаған әрекетіне өкінетінін жеткізген.
Істі қараған сот ер адамды кінәлі деп танып, 100 сағат қоғамдық жұмысқа тарту жазасын тағайындады.
Оқиға қоғамдағы жануарларға қатыгездік таныту мәселесін тағы бір мәрте күн тәртібіне шығарды. Мамандар қандай жағдай болмасын, жануарға күш қолданудың орнына полицияға немесе тиісті органдарға жүгіну қажет екенін еске салады.