Оралда қайғылы жағдай: 10 жастағы бала тоқ соғып көз жұмды

ЖИ көмегімен жасалынған

ЖАҢАЛЫҚТАР
24

Орал қаласына қарасты Круглоозерный кентінде 10 жастағы баланы электр қосалқы станциясында тоқ соғып, оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Батыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің мәліметінше, қайғылы жағдай 1 қыркүйекте болған.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.

Полиция ата-аналарға балаларға қауіпсіздік ережелерін түсіндіру қажеттігін ескертті. Ведомство электр қосалқы станциялары мен басқа да электрмен жабдықтау нысандары адам өмірі мен денсаулығына аса қауіпті екенін атап өтті.

Тергеуге қатысты өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жарияланбайды.

PESTEL

Калифорнияда бір топ альпинист Google-дың Gemini чат-ботына тым қатты сеніп, тауға шығу кезінде қиын...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Блогер Жан Ахмадиев Мадинаның өліміне қатысты әлеуметтік желіде тараған пікірлерге байланысты жазба...