Париж Олимпиадасының жүлдегері жол апатынан көз жұмды

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
1464

2024 жылғы Париж Олимпиадасында күміс жүлдеге ие болған Фиджи құрамасының регбисі Джосая Райсуке Францияда 31 жасында жол-көлік оқиғасынан көз жұмды,деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ  POLITICO.KZ сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы Associated Press агенттігі мәлімдеді.

Қайғылы оқиға спортшы жаттығуға бара жатқан кезде орын алған. Автокөлігі теміржол өткелінен өтіп бара жатқан сәтте пойызбен соқтығысқан.

Джосая Райсуке кәсіби мансабын Еуропада бастап, Францияның «Стад Франсе» және «Невер» клубтарында өнер көрсетті. 2021 жылдан бастап «Кастр» командасында ойнады. Ол халықаралық аренада да зор табысқа жетіп, 2024 жылғы Париж Олимпиадасында Фиджи құрамасы сапында регби-7 санатында күміс медаль иеленді. Финалда Фиджи құрамасы Франциядан 7:28 есебімен жеңілді.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатов екінші жары Айманмен бірге қасиетті Мекке мен Мединаға қажылық сап...

ӘДЕБИЕТ

Апам екеуіміз күні бойы күй­бең­десек те, қыбыр-жыбыр тір­ші­лі­гіміз бір бітпей...