Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің түрлері мен бүгінгі таңдағы өзектілігі туралы айтқан едік. Енді о...
Орыс жұбы қазақша той жасап, көпшілікті тәнті етті (видео)
Коллаж: MadeniPortal.kz
Солтүстік Қазақстан облысында Михаил мен Алина есімді жас жұбайлардың қазақы дәстүрмен өткізген тойы әлеуметтік желілерде кеңінен талқылануда, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Тойдан түсірілген видео TikTok платформасында жарияланып, қысқа уақыт ішінде мыңдаған қаралым жинап, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.
Бейнежазбада жас жұбайлардың мейрамханада қазақтың салт-дәстүрлеріне сай той жасап, қонақтарды ұлттық нақышта қарсы алғаны көрінеді. Көпшілік тойдың шынайы, жылы атмосферасын ерекше атап өтті.
Видео авторы Надежда жазба астына: «Свадьба моего родного братишки Михаил & Алина по-казахски, с душой» деп пікір қалдырған.
Желі қолданушылары жас отбасына ақ тілектерін жаудырып,
«Алла жар болсын, бақыт, махаббат пен сыйластық тілейміз», «Қонақтар уақытында келді ме екен?», «Өйткені, бұлар – біздің орыстар!» деген сынды жылы әрі әзілге толы пікірлер жазған.
Көпшіліктің пікірінше, бұл видео Қазақстандағы ұлттар арасындағы өзара сыйластық пен бірліктің жарқын үлгісіне айналды.