Қазақстандықтар тамыз айында қанша күн демалады?

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
113

2026 жылдың тамыз айында бес күндік жұмыс аптасымен еңбек ететін қазақстандықтарды 10 демалыс күні күтіп тұр, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Бұрынғы жылдардан айырмашылығы – ай соңында қосымша демалыс болмайды. Себебі Конституция күні ресми түрде 15 наурызға ауыстырылды. Осыған байланысты тамыз айындағы жұмыс және демалыс күндерінің күнтізбесін алдын ала қарап, еңбек демалысын немесе сапарды жоспарлаған жөн.

2026 жылдың тамыз айында қанша күн демалыс болады?

2026 жылдан бастап тамыз айының соңындағы қосымша демалыс күні алынып тасталды. Өйткені Конституция күні енді ресми түрде 15 наурызда атап өтіледі, ал 30 тамыз мемлекеттік мереке мәртебесінен айырылды.

Осыған байланысты бес күндік жұмыс аптасында:

  • 21 жұмыс күні;
  • 10 демалыс күні болады.

Ал алты күндік жұмыс аптасымен жұмыс істейтіндер үшін:

  • 26 жұмыс күні;
  • 5 демалыс күні қарастырылған.

Тамыз айында қосымша мерекелік демалыс күндері болмайды.

Неліктен тамызда Конституция күні болмайды?

2026 жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстанда Конституция күні ресми түрде 15 наурызда атап өтіледі. Тиісті өзгеріс Конституцияның жаңа редакциясында бекітілген.

Бұған дейін мемлекеттік мереке жыл сайын 30 тамызда аталып, бұл күн ресми демалыс болатын. Енді бұл дата мемлекеттік мерекелер тізімінен алынып тасталғандықтан, тамыз айының соңында қосымша демалыс берілмейді.

Тамыз айында қандай атаулы күндер бар?

Мемлекеттік мерекелер болмаса да, тамыз айында Қазақстанда мынадай кәсіби және атаулы күндер атап өтіледі:

  • тамыздың алғашқы жексенбісі – Теміржолшылар күні;
  • 10 тамыз – Абай күні;
  • тамыздың екінші жексенбісі – Құрылысшылар күні;
  • тамыздың үшінші жексенбісі – Спорт күні;
  • 18 тамыз – Шекарашылар күні;
  • 29 тамыз – Семей ядролық сынақ полигонының жабылған күні;
  • тамыздың соңғы жексенбісі – Кеншілер күні.

Демалысты жоспарлайтындарға не маңызды?

Тамыз әлі де жазғы демалысқа қолайлы айлардың бірі болып қала береді. Алайда енді ай соңындағы қосымша мерекелік демалыс болмайды. Сондықтан бес күндік жұмыс аптасында жұмыс істейтіндер үшін тамыз айында 21 жұмыс күні мен 10 демалыс күні болатынын ескеріп, еңбек демалысын алдын ала жоспарлаған дұрыс.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қырғызстанның Ош қаласында төрт баланың анасы Зарнигор Закированың оқиғасы қоғамда үлкен резонанс ту...

ЖАҢАЛЫҚТАР

30 жыл бұрын зорлық көрген Наташа Қалымбетова қызы туралы сөз қозғады, деп хабарлайды MadeniPortal.k...