Шерзат Болаттың ісіне қатысты тың дерек шықты, деп хабарлайды madeniportal.kz el.kz т...
Осы жылы экранға шыққан отандық 70 киноның бесеуі – "миллиардер"
Фото: яндекс
2024 жылдың қыркүйек айна дейін үлкен экранға жол тартқан қазақстандық 70 кинокартинаның бесеуі «миллиардер» атанған, деп хабарлайды madeniportal.kz Ulysmedia.kz тілшісіне сілтеме жасап.
Бүгінде қазақ киносы кинокөрме нарығында өз орнын нығайтып келе жатыр. 2022 жылдан бастап қазақ киносының сапалық жағынан да, сандық жағынан да өрлеуі байқалады.
Оған дәлел – жылдан жылға өсіп келе жатқан кассалық көрсеткіштер. Әрине бұл жерде мұндай табысқа жетудің сырын шетелден көптеп ағылатын фильмдердің біршама саябырсығанымен де байланыстыруға болады.
Кезіндегі короновирус шектеулері мен АҚШ-тағы кино мамандарының ереуілі салдарынан елімізге келетін шетелдік фильмдер сиреген. Мұны қазақстандық өндірушілер сәтті пайдаланды.
Осылайша, дистрибьюторлар мен Rentrak жүйесінің мәліметтері бойынша, 2022 жылы кинотеатр экрандарына жергілікті өндірістен 38 фильм шығып, кассадан түскен түсімдер 9,5 млрд теңгені құраған.
Үздік үштікте – «Бизнес по-казахски в Турции», «Джохан» және «Келінжан» комедиялық франшизалары. Дегенмен ол кезде бір ғана фильм 1 миллиард теңге межеден өте алған.
Бір жылдан кейін фильмдер саны 65-ке жетіп, жалпы касса 15 миллиард теңгеден астам соманы құрап, кинокөрме нарығындағы қазақ киносының үлесін 40 пайызға дейін ұлғайтты.
Қазірдің өзінде 1 миллиард теңгеден асқан үш фильм бар, олар «Таптым-ау сені», «Бизнес по-казахски в Индии», «Хотя бы в кино 2» комедиялары.
2024 жылдың қыркүйегіне дейін үлкен экрандарға 70 фильм шықты, оның бесеуі «миллиардер». Атап айтсақ, «Дәстүр», «Пейіш», «Брат или брак 3», «Жездуха» и «Қазақша бизнес Бразилияда» фильмдерінің табысы 1 миллиард теңгеден асқан.
Жалпы касса қазірдің өзінде 14,2 миллиард теңгені құрап отыр, ал жыл соңына дейін тағы 30 отандық фильмнің прокатқа шығуы күтілетінін ескерсек, соңғы кассалық түсімдердің 20 миллиард теңгеге немесе одан да көпке өсуі болжанып отыр.
Үш жылдық деректерге сүйенсек, қазақ киносының кассалық көрсеткішінің артып келе жатқаны аңғарылады.