Ақтаудағы қыздың өліміне қатысты прокуратура сотқа аппеляциялық шағым түсірді

Фото: видеодан скриншот

ЖАҢАЛЫҚТАР
1450

Маңғыстаудың облыстық прокуратурасы резонанс тудырған жас қыздың суицидіне қатысты сот шешімімен келіспей, жоғарғы сатыларға аппеляциялық шағым түсірді, деп хабарлайды madeniportal.kz Azattyq Rýhy тілшісіне сілтеме жасап. 

«Маңғыстау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 2024 жылғы 19 желтоқсанда жәбірленушіге қарсы жасалған қылмыстар үшін басты айыпталушыны 20 жылға, ал оның төрт сыбайласын 7 жылдан 8,5 жылға дейін бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды. Өз кезегінде прокурор жарыссөзде басты айыпталушыны өмір бойына бас бостандығынан айыруды, ал қалған қатысушыларды 15 жылдан 16 жылға дейін бас бостандығынан айыруды сұрады», – деп хабарлады прокуратура.

Сот өзге шешім шығарғандықтан, облыстық прокуратура жаза мерзіміне келіспей, 5 қаңтарда аппеляцияға берген.

«Қазіргі таңда іс аппеляциялық кезеңде қаралып жатыр», - делінген хабарламада. 

PESTEL

АҚШ-тың Род-Айленд штатындағы Провиденс қаласында орналасқан Браун университетінде емтихан кезінде б...

PESTEL

«Қылмыстық чтиво» және «Маска» фильмдеріндегі рөлдерімен танымал америкалық...