Отандық футболдың ардагері Болат Төлегенов өмірден өтті

Ашық дереккөзінен алынған

ЖАҢАЛЫҚТАР
1437

Қазақстан футбол федерациясы отандық футболдың ардагері, еңбек сіңірген жаттықтырушы Болат Сербайұлы Төлегеновтің өмірден өтуіне байланысты көңіл айтты, деп хабарлады madeniportal.kz.

«Болат Сербайұлы – саналы ғұмырын балалар мен жасөспірімдер футболын дамытуға арнап, бірқатар ойыншының спортқа жолын ашқан ұлағатты ұстаз. Оның қайсарлығы мен ұстамдылығы, өз ісіне деген махаббаты мен адалдығының арқасында талантты ойыншылар елге танылды. Ол баулыған шәкірттердің қатарында елімізге белгілі Асхат Қадырқұлов, Ерлан Оразаев, Жамбыл Көкеев, Нұрлан Насыров, Марат Әбділдабеков және басқа да футболшылар бар. Бұл жалғандағы сапарын тәмәмдап, мәңгілік мекенге аттанған Болат Сербайұлының отбасына, туған-туыстарына және жақындарына Қазақстан футбол федерациясы атынан қайғырып көңіл айтамыз", – деп жазылған ҚФФ таратқан көңіл айту хатында.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы қаласында 81 жастағы зейнеткерді ұрлап, оның жылжымайтын мүлкін өз атына жаздыруға әрекеттенг...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Белгілі саясаткер әрі қоғам қайраткері Бахыт Түменова өмірден өтті. Бұл туралы мәж...