Меркіде 3 бала газдан уланып көз жұмды: Көршілері отбасы туралы не дейді?

Фото: sputnik.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
2295

Меркіде 3 бала газдан уланып көз жұмды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Үш баланың үлкені 2-сыныпта оқыған. Қыздардың анасы бірнеше жерде жұмыс істеген. 

Көршілерінің айтуынша, әйел күйеуімен ажырасып кеткен, үш баласымен жалдамалы үйде 6-7 ай тұрған.

«Ол газды қосып, жұмысқа кеткен. Газ пешінің оты өшіп қалған. Кешке жұмыстан келіп, есікті ашса, балалар жатыр дейді. Келіншек жақсы, бөтен қылығын көрген емеспіз», - дейді көршісі Гүлмира.

Балаларынан айырылған әйелдің көршілері жалдап тұрған үйдің жағдайы нашар екенін бұрын да балалар көз жұмғанын айтты.

«Жалпы бұл үйдің өзі нашар. Бұған дейін үй иесінің 3 және 6 жасар екі баласы көз жұмды. Үйдің өзі дұрыс болмай тұр. Осымен бұл үйде бес бала қайтыс болды», - дейді көршілері. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қызылордада арбамен келе жатқан әйел мен бес айлық баласын көлік қағып кетті. Сәби ауруханада көз жұ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

17 қазанда Қазақстанның солтүстігі мен шығысында жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады. Батыста жаң...