Белсенді Думан Мұхаммедкәрімнің қайда екені белгісіз

Фото: Видеодан алынған кадр

ЖАҢАЛЫҚТАР
2023

Адвокат Думан Мұхаммедкәрімді этаппен Қызылордаға әкеткенін айтты, деп хабарлайды madeniportal.kz Azattyq-қа сілтеме жасап.

Кеше Думан Мұхаммедкәрімді этаппен Қызылордаға әкетіпті. Қай жерге екені әзірге, белгісіз” деді адвокат Ғалым Нұрпейісов.

Бұған дейін өзін Алматы облысындағы түрмеге ауыстыруды талап етіп, аштық жариялаған журналист адвокаттың сөзінше, 7 желтоқсанда аштықты тоқтатқан. Адвокаттың айтуынша, Думан Мұхаммедкәрімнің денсаулығы нашар.

Оның денсаулығы нашар. Өйткені бүйрегі қатты ауырады. Ол отыра алмайды, не тұрады немесе жатады. Біз медициналық көмек көрсету туралы талай өтініш жасағанбыз” деді Ғалым Нұрпейісов.

ҚАЖК әзірге түсініктеме бермеді.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақтөбе облысында ұшқышсыз ұшу аппаратына тиесілі болуы мүмкін сынықтар табылды, деп хабарлады Madeni...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Екі ел делегацияларының қатысуымен өткен келіссөз барысында Президент өзара ықпалдастықты одан әрі н...