Отандық танымал журналист өмірден озды

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
709

Отандық журналистика өкілі және спорт жаңалықтарының тележүргізушісі Диля Ибрагимова көз жұмды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Марқұмның бірнеше жыл бойы ауыр дертпен күрескені белгілі.

Диля Ибрагимова көптеген жылдар бойы отандық телевизия саласында жұмыс істеді және еліміздегі танымал спорт журналистерінің бірі болды. Ол ұзақ жылдар бойы «Хабар», «КТК» телеарналарында спорт жаңалықтарының жүргізушісі болып қызмет атқарды.

«Өзінің кәсіби білімі мен азаматтық ұстанымы арқылы жас буынға үлгі бола білген ардақты жанның жарқын бейнесі туған халқының жадында мәңгі сақталады деп сенеміз.

Марқұмның жаны жәннатта, иманы саламат, топырағы торқа болсын!», - деп көңіл айтты  Мәдениет және ақпарат министрлігі.

СПОРТ

22 сәуірде Қазақстан құрамасы Қытайдың Санья қаласында өтіп жатқан 2026 жылғы жағажайдағы Азия ойынд...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ел ішінде «Хан» атымен танылған тамада мен оның жұбайының ерсі видеосы тарап, көпшілік т...