Түркияның Балыкесир провинциясының Кепсут ауданында жолаушылар шағын автобусы жеңіл автокөлікпен соқ...
Екі адам зардап шекті: Астана-Щучинск тас жолында жеңіл көлік бұланмен соқтығысты
Фото: freepik
807
Астана-Щучинск тас жолында жеңіл көлік бұланмен соқтығысты, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Оқиға 21 мамырда тас жолдың 95-ші шақырымында болған.
Алдын ала мәлімет бойынша, 52 жастағы Hyundai Tucson жүргізушісі кенеттен жолға шыққан жабайы жануарды қағып кеткен.
Оқиға салдарынан көліктегі екі жолаушы түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді.
Полиция жануарлардың көші-қон маусымының басталуына байланысты жүргізушілерге жолда жылдамдықты сақтау және көліктерінің техникалық жағдайын қадағалауды еске салады.