“Отбасы ретінде ортақ тіл табыса алмадық”. Әсел Сәдуақасова ажырасып кеткенін мәлімдеді

Фото: almaty.tv

ЖАҢАЛЫҚТАР
2984

Белгілі әнші әрі актриса Әсел Сәдуақасова күйеуімен ресми түрде ажырасып кеткенін мәлімдеді, деп хабарлайды madeniportal.kz.

4 қазанда біз ресми түрде ажырастық. Бірден айтайын. Мағжан маған жақын адам болды және болып қала береді. Мен оған бәрін ашық айта алатынмын, сендім және біз бір-бірімізге ең жақын адам болдық, бірақ біз отбасы ретінде ортақ тіл табыса алмадық, – деді Әсел Сәдуақасова. 

Айта кетейік, актриса өзінен жеті жас кіші Мағжан Тілеухан есімді азаматқа 2023 жылы тұрмысқа шыққан еді.