Жеңістің 80 жылдығына орай 300-ден астам әскери жаппай жүгірді, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ. Ұлт...
«Өзімді қорғаудан шаршадым»: Дариға Бадықова көпшілік білмейтін сезімін бөлісті
ашық дереккөз
Танымал актриса Дариға Бадықова жеке өміріндегі қиындықтары туралы ашық айтып, өзіне жылулық пен қамқорлық жетіспегенін жеткізді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Өнер иесі көпшіліктің сүйіспеншілігіне бөленгенімен, жеке өмірде өзін жалғыз сезінетін сәттері болатынын жасырмады. Оның айтуынша, сахнадағы танымалдылық пен адамға жақындарынан қажет махаббат – екі бөлек дүние.
«Мен өнеріммен ғана ерекшемін. Ал өмірде мен де қарапайым адаммын. Менің де жүрегім бар. Мен де көп нәрсені шеше алмаймын, қиындықтар болады. Иә, маған жылулық жетіспеді. Халықтың махаббатына бөлену бір бөлек, ал сенің жеке өмірің бар ғой. Екеуі – екі бөлек махаббат», – деді актриса.
Дариға Бадықова өмірде үнемі өзін қорғауға мәжбүр болғанын, уақыт өте келе мұндай жағдайдан шаршағанын да айтты.
«Мен жылулық, қамқорлық, қорғаныс іздедім. Өзімді қорғап жүруден шаршадым. Бірақ қорғанып жүрсем де, маған оқ тиетінін түсіндім», – деп ағынан жарылды ол.
Актрисаның бұл сөздері оның танымалдылықтан бөлек, қарапайым адам ретінде де сүйіспеншілік пен қолдауға мұқтаж екенін аңғартады.