Жеңістің 80 жылдығына орай 300-ден астам әскери жаппай жүгірді

Фото: видеодан скриншот

ЖАҢАЛЫҚТАР
2096

Жеңістің 80 жылдығына орай 300-ден астам әскери жаппай жүгірді, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Ұлттық қорғаныс университеті осындай акция ұйымдастырды. 

Оқу орнының басшысы, генерал-майор Асқар Мұстабековтың айтуынша, бұл жарыс – майданда қаза тапқан жауынгерлерді еске алу әрі бүгінгі күнге аман жеткен соғыс және тыл ардагерлеріне құрмет. 

Айта кетейік, әскерилер Астана көшелерімен Қазақстанның және өзге де ұлттардың туларын алып жүгіріп өтті.