Көп КВН-шілер банкет үшін ойнаған: Нұрлан Қоянбаев ешкімге айтпаған оқиғасын бөлісті

Фото: видеодан скриншот

ЖАҢАЛЫҚТАР
1117

Нұрлан Қоянбаев “Zamandas” подкастында естеліктерін айтып, қызық оқиғасын бөлісті, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Актер әрі танымал продюсер Нұрлан Қоянбаев КВН ойнаған шақтарын еске алып, кезінде КВНді көбісі ойыннан кейінгі банкет үшін ойнағанын айтып қалды: 

“Кезінде көп КВН-шілер банкет үшін ойнаған. Банкетте нормально жүру үшін, сахнада нормально ойнауың керек. Сен сахнада нормально ойнадың ғой, оған бару керек, аяқталуы ғой”. 

Өнер иесі, сондай банкеттердің біріне қатысам деп самолетке кешігіп қалған оқиғасын да айтып берген. Айтуынша, Мәскеуше дейінгі пойыздың билетін де өткізіп жіберіп, газельмен қайтқан екен. 

"Біз бірінші рет шетелдеміз. Казандамыз. Сахнада нормально ойнадық. Сағат 11-де банкет болады. Ал біздің пойыз сағат 10-да. Бізде ақша жоқ қой, пойызбен қайтамыз. Команда ретінде пойыздың билетін өткізіп, ақшасына газель жалдап сонымен қайтатын болдық. Банкетке бардық… Таңғы 3 болып жатыр. Ертең түскі 1де самолет. Құмар банкетте бір қызға ғашық болып қалып, шығарып салайық деді. Жігіттермен келісіп, шығарып салдық. Ертесі самолетке кешігіп қаламыз".

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астанада қоғамдық көлік пен шағын автобус соқтығысып, бір адам көз жұмды, деп хабарлайды MadeniPorta...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы – Орталық Азиядағы ең жылдам өсіп жатқан туристік хаб, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.А...