Өзіне қолжұмсамақ болды: Алматы әуежайында тағы бір сұмдық оқиға болды

Фото: Stan.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
1343

Алматы әуежайында ер адам өзіне қолжұмсамақ болды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Әуежайдың баспасөз қызметінің мәліметінше, ішкі рейстер терминалында бір жолаушы дәретханада өзіне қол салмақ болған. Әлеуметтік желіде тараған видеодан қанға боялған дәретхананы және жерде жатқан шыны бөтелке сынығын көруге болады. 

"Оқиғаны әуежай қызметкерлері дер кезінде байқап, жедел жәрдем шақырған. Жедел жәрдем бригадасы келгенге дейін жолаушыға алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Қазір ер адамның өміріне қауіп жоқ, жолаушы дәрігерлердің бақылауында", – делінген хабарламада. 

Полиция өзіне қол жұмсауға талпыну дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады

Алдын ала мәлімет бойынша, Алматы – Астана бағытындағы рейстің жолаушысы әуежайға ертерек келіп, тіркеуден және тексеруден өткен. Содан кейін ол ұшаққа отырғызуды күтіп отырған. Алайда белгісіз себептермен ол ұшаққа мінбей, шамамен төрт сағат бойы күту залында отырған. Кейінірек ер адам дәретханаға кіріп, өзіне қол салуға ұмтылған.

Ер адамның мұндай әрекетке не себепті барғаны әзірге белгісіз. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Талдықорған тұрғыны үш жасар балаға қатыгездік көрсеткені үшін төрт жылға бас бостандығынан айырыл...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Петропавлда Заречный кентіндегі автобус аялдамасы маңынан мәйіті табылған 57 жастағы әйелдің өліміне...