Тоқаев Құрылтай сайлауы өтетін күнді белгіледі

ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
525

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасы Құрылтайының сайлауын тағайындау туралы" Жарлыққа қол қойды, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Құжатқа сәйкес, Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау 2026 жылғы 23 тамызда өтеді.

Жарлықта Орталық сайлау комиссиясына Құрылтай депутаттарының сайлауына дайындықты және оны өткізуді ұйымдастыру тапсырылған.

Сондай-ақ Үкіметке, Астана қаласының, облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың әкімдеріне сайлауды ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық және қаржылық жағынан қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараны кідіріссіз қабылдау міндеттелді.

Жарлық жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Айта кетейік, жаңа конституциялық өзгерістерге сәйкес, Құрылтай елдің заң шығару жүйесіндегі негізгі саяси институттардың бірі болмақ. Құрылтай депутаттары жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы сайланады.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Денсаулық сақтау министрлігі балаларға бағытталған фастфуд, тәтті сусындар және құрамында қант, тұз...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Танымал блогер Арайлым Жиенбаева Шымкент қаласы бокс федерациясының медиа директоры қызметіне тағайы...