Қарағандыда туған балаларын сатып жіберген ана сотталды

"Астана" телеарнасы видеосының скриншоты

ЖАҢАЛЫҚТАР
287

Қарағандыда екі баласын 6 млн теңгеге сатты деп айыпталған әйел 8 жылға сотталды, деп хабарлады MADENIPORTAL.KZ.

Бұл туралы Azattyq Rýhy жазды.

Кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі облыстық мамандандырылған сотының судьясы осындай үкім шығарды.

Көпбалалы ана бұл әрекетке қаржылық қиындықтан барғанын айтты. Ол 2022 және 2023 жылдары дүниеге әкелген балаларын туа салысымен екі отбасына таныс медбике арқылы берген.

Әйел Қылмыстық кодекстің 135-бабы 2-бөлігі 1 және 2-тармақтарымен кінәлі деп танылды. Бүгін сәбилерді асырап алған отбасылар мен медицина қызметкері, балалардың анасы яғни барлығы 6 адамға қатысты үкім шықты.

Әйел медбикемен бірге сәбилері үшін 6 миллион теңге алған. Құжатта асырап алушылардың күйеулерін баласының әкесі етіп көрсеткен.  Осы айғақтар ескеріліп медбике 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Ал сәбилерді асырап алған 4 ата- ана 8 жылға шартты жаза алды. Олар сотта 15 жыл бойы балаға зар екендерін және балаларды қатты жақсы көретіндерін айтты.

«Айыпталушы қылмыстық кодекстің 135-бабы 2-бөлігі 1 және 2-тармақтарымен кінәлі деп танылып, 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Жазасын орташа қауіпсіздіктегі қылмыстық атқару мекемесінде өтейді. Медбике азаматша 5 жылға бас бостандығынан айырылады. Екеуі сот залынан тұтқындалсын», - деді судья Дулат Борабаев.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Спорт журналисті Аслан Қаженов 21 жастағы боксшының өліміне қатысты ақпаратты жария етті, деп хабарл...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қостанай облысында полиция қызметкерлері ер адамды жанып жатқан ғимараттан алып шықты, деп хабарлады...