Франция президенті: Израильдің Газадағы операциясы тоқтаусыз соғысқа ұласуы мүмкін

Фото: Win McNamee / Getty Images

ЖАҢАЛЫҚТАР
1275

Франция президенті Израильдің Газадағы операциясы өңірде тоқтаусыз соғысқа алып келуі мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды ТАСС-қа сілтеме жасап. 

Бұл туралы Франция президенті Эмманюэль Макрон Иордания королі Абдалла II мен Мысыр көшбасшысы Абдель Фаттах Ас-Сисимен телефон арқылы болған әңгіме барысында айтты.

Израиль дайындап жатқан Газадағы операцияның соңы екі ел үшін де апатқа ұласып, өңірді бітпейтін соғыс басталуы мүмкін, - деп жазды Макрон өзінің X әлеуметтік желісіндегі парақшасында.

Оның сөзінше, әңгіме барысында Макронның өзі және Иордания мен Мысыр басшылары Газада атысты тоқтату, кепілдегі барлық адамдарды босату, тұрғындарға гуманитарлық көмек жеткізу ХАМАС-ты қарусыздандыру ғана қақтығысты тоқтата алады деген ортақ ұстанымға келген. 

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көкшетауда жекеменшік тұрғын үйден өрт шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, өртке найзағайдың түсуі себ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желіде кеңінен тараған «Курьер ана» видеосының авторы Алмат Несіпқалиев аталғ...