Паранжа кимеген әйелдерге ауруханаға кіруге және таксиге отыруға тыйым салдынды

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
1676

Тәліптер паранжа кимеген әйелдерге ауруханаға кіруге және таксиге отыруға тыйым салды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Ауғанстанның Герат қаласында барлық әйел мұғалімдер паранжа киюге міндеттелді. Бұл шектеулер мектептерге ғана емес, басқа да мекемелерге таралған. Соңғы күндері бұл киім түрін кимеген азаматшаларды орталық түрме, АХАЖ, білім бөлімі мен банктерге де кіргізбеген.

Бұдан бөлек паранжа кимеген әйелдерге ауруханаларға баруға мен таксиге мінуге рұқсат берілмей жатыр. Осылайша Талибан әкімшілігі киім кию ережелеріне қатысты жаңа шектеулер енгізуде.

Жергілікті БАҚ қаланың әр жеріне бірнеше бақылау бекеті орнатылғанын, паранжа кимеген әйелдерді тасымалдаған жүргізушілердің жазаланғанын хабарлады.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің са...