Алматы облысындағы ауыл әкімі тауда апатқа ұшырап, бір адам қаза болды

ашық дереккөзден алынған

ЖАҢАЛЫҚТАР
316

Алматы облысының таулы аймағында Панфилов ауылдық округінің әкімі Дулат Дәулетәлиев қатысқан жол апаты болып, бір адам көз жұмды, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Бұл туралы Криминальный Казахстан жазды. Алдын ала мәліметке сәйкес, оқиға демалыс күндерінің бірінде Райымбек ауданында болған. Bestune T55 маркалы қызметтік көлікті басқарып келе жатқан Дәулетәлиев рөлге ие бола алмай, жолдан шығып кеткен.

Көлік бірнеше рет аударылып, соның салдарынан 38 жастағы ер адам қаза тапқан. Әкім мен 34 жастағы жолаушы ауыр жарақат алып, реанимацияға жеткізілген. Қазір олардың жағдайы тұрақтандыру сатысында. Апатқа байланысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. 

Талғар ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі оқиғаға байланысты былай деп мәлімдеді: «Панфилов ауылдық округінің әкімі қатысқан жол-көлік оқиғасы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Мемлекеттік қызметші қазір ауруханада, еңбекке жарамсыз болғандықтан қызметтік тексеріс уақытша тоқтатылды. Тергеу аяқталған соң және ол жұмысқа шыққаннан кейін тәртіптік шаралар Әдеп кеңесінде қаралады».

Бұған дейін Алматы облысы әкімінің орынбасарының қатысуымен болған жол апаты да қоғам назарын аудартқан болатын.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы – Орталық Азиядағы ең жылдам өсіп жатқан туристік хаб, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.А...

ЖАҢАЛЫҚТАР

15 жастағы қызылордалық қызды 21 жастағы колледж студенті бірнеше рет зорлаған. Жәбірленуші жігітпен...