Павлодар облысында 6 адамның мәйіті табылды

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
720

Павлодар облысында кәріз құдығында 6 адам көз жұмып, біреуі ауруханаға түсті, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Павлодар облысында қайғылы жағдай болды. Оқиға бүгін Жоламан ауылында орналасқан «Aqtogai Milk» ЖШС аумағында болған.

Дәрігерлер оқиға орнында 1963, 1975, 1983, 1998, 2006 және 2009 жылы туған алты ер адамның көз жұмғанын анықтады.

Тағы бір 1988 жылы туған ер адам орташа дәрежедегі көмірқышқыл газымен улану диагнозымен Ақтоғай аудандық ауруханасына жатқызылды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Желіде тараған ақпарат бойынша қайғылы жағдай кәріз құдығындағы электр сорғысының ақауын жою және жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде болған.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысындағы тасжолда жеңіл көлік жол жөндеу ұйымының үш жұмысшысын қағып кетті. Олардың бірі...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ресейдің Еврей автономиялық облысында шағын автобус пен пойыз соқтығысып, алты адам көз жұмды, деп х...