25 маусымнан 25 қыркүйек аралығында Елорда төрінде ҚР Еңбек сіңірген артисі, «Құрмет» жә...
Марғұлан Сейсембайдың Президент сайлауына қатыспауының 7 себебі
Қоғам белсендісі, кәсіпкер Марғұлан Сейсембай өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында көпшіліктің сұрақтарына жауап берді.
"Достар, мен қоғамдық белсенділігімнің арқасында көп қауымға белгілі болдым. Осыған орай, көп адамдар мені Қазақстан Республикасы президентіне үміткер болуға ұсынып жүр, және көптеген сауалнамаларға, рейтингтерге қыстырып жүр. Мен оларды түсінемін. Сондықтан артық сөзді тоқтату үшін және барлық сұрақтарға жауап беру үшін өз пікірімді келтіріп отырмын.
Біріншіден, біздің қоғаммен саясаттың егжей-тегжейлерін біле отырып мен саясаттан әрі жүргенді жөн көремін.
Екіншіден, сайлау заңы бойынша еркін, тәуелсіз үміткер сайлауға қатыса алмайды. Тек партиялар арқылы ғана. Ал бізде қанша партия бар және олардың артында кім тұрғанын білесіздер.
Үшіншіден, сайлау заңының талабы бойынша, менде мемлекет органдарында істеген 5 жылдық тәжірибем жоқ. Менің пікірімше бұл билікке бөтен адам кірмесін деп істелген нәрсе.
Төртіншіден, үміткер кейінгі 15 жылды Қазақстанда тұруы қажет. Сіз білетіндей, мені елде қудағалағандықтан, мен бір жылдай шет елде тұруға мәжбүр болдым.
Бесіншіден. Жоғары айтылған себептерден тыс, тәуелсіз адамға үміткер болуға мүмкіндік бермейтін, басқа да көптеген көзге көрінбейтін кедергілер бар.
Алтыншыдан, мен сайлаудың ашық, таза және әділ болатынына күмәнім бар. Менің пікірім бойынша бұл сайлаудың нәтижесі белгілі, оны өздеріңіз де білесіздер. Сайлау ашық болуы үшін, оған, өркениетті елдердегідей кез келген тәуелсіз үміткердің қатыса алатын жағдайы болу керек. Үміткерлердің сайлауға дайындалып үлгеретін уақыты болу керек, барлық үміткерлер БАҚ құралдары мен дауыс беру үдерісін қадағалауға бірдей әсері болу керек, xалық асықпай, ойланып таңдауға жағдай болу керек.
Жетіншіден, бұл ең маңыздысы, менің ойымша, келешекте барлық ел бір адамға қарап қалмауы керек. Сондықтан мен Қазақстанның Парламенттік Республика болғанын дұрыс деп есептеймін.
Достар, бұл менің жеке пікірім, сайлауға қатыспайтын себептерімді айтып бердім. Мен тек қана заңды жолдарын ойлайтын адаммын. Ешкімді, ештеңеге тартып ия насиxаттап отырған жоқпын. Мен қателесуім де мүмкін, бұрын көп қателескенмін де. Менің ниетім ол түкке тұрмайтын үміт пен болжауларды тоқтату ғана болды. Бізде арқашан өзімізге тұратын билік болады. Сондықтан өздеріңізді өзгертіп, жұмыс істеп, белсенді болып, жауапкершілікті өз мойындарыңа алып, сабыр сақтаңыздар", - дейді Марғұлан Сейсембай.
Ұсынған: Назерке Лабихан