БҚО-да 300 мың теңгеге «ғажайып көрпе» сатқан алаяқ ұсталды

БҚО ІІД

ЖАҢАЛЫҚТАР
3738

БҚО-да аурудың бәрін емдеп, құлан-таза айықтыратын «ғажайып көрпені» 300 мың теңгеге сатқан алаяқтар ұсталды, деп хабарлайды madeniportal.kz.

ҚР ІІМ мәліметінше, алаяқтар егде жастағы әйелдің сеніміне кіріп, түрлі ауруға ем болады деген сылтаумен «ғажайып көрпені» 300 мың теңгеге сатқан.

Әйел алаяқтарға 140 мың теңге ақша мен алтын әшекейлерін берген. Алайда күдік пайда болған соң әйел дереу полиция қызметіне хабарласады. Полицейлер тәулік ішінде оқиға ізін суытпай Ақтөбе облысының аумағында жүрген алаяқты ұстады, - делінген мәліметте.

Жәбірленушіге ақша мен алтын әшекейлер қайтарылды. Алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көкшетауда жекеменшік тұрғын үйден өрт шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, өртке найзағайдың түсуі себ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желіде кеңінен тараған «Курьер ана» видеосының авторы Алмат Несіпқалиев аталғ...