Павлодар облысында ұшақ апатқа ұшырады — ұшқыш қаза тапты

ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
442

Павлодар облысында Ан-2 ұшағы апатқа ұшырады. Апат салдарынан бір ұшқыш қаза тауып, екіншісі ауруханаға жеткізілді. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Көлік министрлігінің мәліметінше, «Жеңіл және аса жеңіл авиацияны пайдаланушылар» заңды тұлғалар бірлестігіне қарасты әуе кемесінің апаты 27 мамыр күні Павлодар облысы Железинка ауылы маңында болған.

«Ұшақ авиациялық-химиялық жұмыстарды орындап жатқан. Алдын ала мәлімет бойынша, әуе кемесі электр желілеріне соғылған. Бортта экипаждың екі мүшесі болған. Оқиға салдарынан бір ұшқыш қаза тапты. Екінші ұшқышты ТЖД қызметкерлері алып шықты, ол есін біледі», — делінген хабарламада.

Ведомство өкілдері әуе апатын Көлік министрлігінің Көліктегі оқиғалар мен инциденттерді тергеу департаментінің мамандары тексеретінін айтты. Олар оқиға орнына аттанған.

СПОРТ

Еркін күрестен әлем чемпионы Ризабек Айтмұхан әлеуметтік желіде қазақстандық файтер Шавкат Рахмоновп...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астанада «Нұрлы жол» вокзалының төбесі опырылып түсті, деп хабарлайды MadeniPortal.kz....