Елбасы Димаш Құдайберген мен Мария Мудряк туралы не деді?

ЖАҢАЛЫҚТАР
5383

Астанада мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның БАҚ өкілдерімен кездесуде опера әншісі Мария Мудряк пен Димаш Құдайбергенді "Дара тауар" деп ерекше атады, 

Сонымен қатар жас орындаушыларға демеушілік жасап, әрдайым алға жетелеу керек екенін ескертті.

"Бізде танымал адамдар бар. Міне, Димаш Құдайберген. Қалай естіледі? Ол қазақ, қазақстандық екені арқылы елді танытады. Біз әлемге мәдениетімізді батылырақ көрсетуіміз керек", - дейді Мемлекет басшысы.  Ол опера әншісі Мария Мудряк туралы да сөз қозғады. Айтуынша, қыз жеті жаста болғанда ол лагерьде өнерін алғаш рет тамашалаған.  "Сарапшылар оның даусы зор екенін айтты. Оған шәкіртақы бердік, Италияға барып аспирантураны бітірді. Енді Еуропаның барлық опера театрында танымал әншіге айналды. Оларды өсіру керек, себебі "дара тауар". Бұл салада бәсеке күшті, сондықтан оларды қолдап, алға жылжуға көмектесу керек", - деп сөзін қорытындылады Елбасы.

madeniportal.kz  

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент сайлауы қазіргі Конституцияға сәйкес 2029 жылы өз мер...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облыстық перинаталдық орталығында сирек әрі қуанышты оқиға болды. Бір мезетте дерлік екі үшем...