«Ең қорқыныштысы, бұл романда дерт 2020 жылы пайда болады және вирус «Ухань-400» д...
Павлодарда экс депутат 8 жылға бас бостандығынан айырылды
Ашық дереккөздерден
Петропавлда облыстық мәслихаттың бұрынғы депутаты Павел Булаев 8 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлады MADENIPORTAL.KZ.
Ол «Тазарту, су өткізу және су бұру құрылыстары» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның (ШЖҚ МКК) басшысы болған. Павел Булаев 2024 жылдың наурыз айында СҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет тарапынан ұсталған еді. Оған аса ірі көлемде бюджет қаржысын жымқырды деген айып тағылған. Тергеу материалдары бойынша, жалған келісімшарттар арқылы 258 миллион теңгеден астам қаржы қолды болған.
Петропавл қалалық соты Булаевты Қылмыстық кодекстің бірнеше бабы бойынша – мүлікті жымқыру, қылмыстық жолмен алынған табысты заңдастыру және заңсыз кәсіпкерлікпен айналысу – айыпты деп таныды. Сонымен бірге, оның үш қоластындағы қызметкері де кінәлі деп танылып, әрқайсысы 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Олар – кәсіпорын қызметкерлері әрі жалған келісімшарттар жасалған мердігер ұйымдардың жетекшілері.
«Сот анықтағандай, сотталушы Б. кәсіпорын директоры қызметін атқара жүріп, заңға қайшы түрде коммерциялық ұйым құрып, 2019–2021 жылдар аралығында сол ұйым арқылы заңсыз кәсіпкерлікпен айналысқан. Өзге сотталушылармен алдын ала сөз байласу арқылы жалған келісімшарттар жасап, мемлекетке аса ірі көлемде зиян келтірген», – делінген сот үкімінде.
Қорғау тарапы айыпталушылардың кінәсіздігін алға тартып, оларды ақтауды сұрады. Алайда сот барлық сотталушыны кінәлі деп тапты. Жаза тағайындау кезінде кейбір сотталушылардың жас балалары бары жеңілдететін жағдай ретінде ескерілді. Ал жазаны ауырлататын жағдайлар анықталған жоқ.
Барлық сотталушы мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан өмір бойына айырылды. Қылмыстық жолмен келген мүлік мемлекет пайдасына тәркіленді. Сондай-ақ сот үкімімен олардан мемлекетке келтірілген 805 миллион теңгеден астам материалдық шығын өндірілетін болды. Үкім әзірге заңды күшіне енген жоқ.