«Елдегі екінші тұлға»: Бекболат Тілеухан Ерлан Қариннің жаңа қызметі туралы айтты

әлеуметтік желіден

ЖАҢАЛЫҚТАР
301

Белгілі қоғам қайраткері Бекболат Тілеухан Ерлан Қариннің жоғары мемлекеттік лауазымға тағайындалуына қатысты пікір білдірді. Ол әлеуметтік желідегі жазбасында Қариннің кәсіби және адами қасиеттеріне, сондай-ақ елдің қоғамдық-саяси өміріндегі қызметіне жоғары баға берді, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Бекболат Тілеуханның сөзінше, Ерлан Қаринге артылған сенім – үлкен жауапкершілік әрі оның атқарған жұмысына берілген жоғары баға.

Қоғам қайраткері әсіресе Қариннің идеологиялық бағыттағы қызметіне тоқталды. Оның пікірінше, Ерлан Қарин мемлекеттік саясаттың негізгі мән-мағынасын қалыптастырып, үйлестіріп және оны қоғамға жеткізудің жүйесін құра білді.

«Ерлан Қарин идеологиялық мағыналарды қалыптастырушы, үйлестіруші және қоғамға жеткізуші ретінде бұл лауазымда сирек кездесетін жүйе қалыптастыра алды», – деп жазды Бекболат Тілеухан.

Сондай-ақ ол Қариннің тарихқа, дәстүрлі мәдениетке, жыраулық мұраға және ұлттық спорт түрлеріне, соның ішінде дәстүрлі садақ атуға қызығушылығын ерекше атап өтті.

Жазба соңында Бекболат Тілеухан Ерлан Қаринге сабыр, денсаулық және абырой тілеп, оның мамандығы тарихшы екенін еске салды.

«Мамандығың тарихшы ғой, Ереке! Ұлы да әділ төреші – тарихтың үддесінен шығуға іс қылғайсың. Жаратқан жар болғай!» – деп түйіндеді ол.