«Астана Опера» театрындағы Күләш Байсейітова атындағы Камералық залдың ақпанда...
Әкесі ұлына 17 жастағы қарындасын өлтіруге бұйрық берген
ашық дереккөзден алынған
Куксхафенде сириялық жасөспірім әкесінің тапсырмасынан кейін полицияға жүгінді, деп хабарлады MadeniPortal.kz.
Нижняя Саксониядағы Куксхафен қаласында 17 жастағы сириялық жасөспірім полицияға шок тудырған мәлімдеме жасады: оның айтуынша, әкесі оған үлкен әпкесін өлтіріп, болған жағдайды «кездейсоқтық» ретінде көрсетуді бұйырған.
BILD басылымының дерегінше, ер адам қызы «отбасының абыройын түсірді» деп есептеген. Бұған дейін қыз журналистерге әкесінен үнемі таяқ жеп келгенін айтқан.
Жасөспірімнің сөзінше, әкесі ауруханада жатқан кезінде палатада оған әпкесін өлтіруді тапсырған.
«Оның даусы қатқыл әрі қатты шықты. Мен тек басымды изедім, ол тыныштала қойсын дедім. Бірақ ойым айқын болды: мен мұндайды ешқашан істемеймін», – деді бозбала BILD-ке берген сұхбатында.
Келесі күні ол жағдайды неміс тілі мұғаліміне айтып берген, мұғалім дереу полиция шақырған. Құқық қорғаушылар оның сөзін байыппен қабылдап, әкесін вокзалда әйелімен кездесуді күтіп тұрған жерінен ұстады. Полиция өкілдері жасөспірімнің әңгімесін шындыққа жанасады деп тапты.
«Мұндай қиын әрі күйзеліске толы жағдайда жас жігіттің полицияға жүгініп, өз әкесіне қарсы тұратындай батылдық танытуы – аса жоғары бағалауға тұрарлық», – деді Куксхафен полициясының тергеу бөлімінің басшысы Штефан Хартман.
Қазір ер адам тергеу изоляторында отыр, іс «адам өлтіруге оқталу» бабы бойынша қаралуда. Отбасы ұлдарын толықтай қолдаған. Қазір анасы сегіз баласымен бірге билік шешімін күтуде, ал жасөспірім болашағын жоспарлап үлгерген.
«Мен полицей болғым келеді. Мүмкін, әзірге жасармын, бірақ менде батылдық бар», – деді ол.