ҚР мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Түркістанға іссапары барысында "Әзірет Сұлта...
Павлодарда жаңа туған сәбиін өлтірген студентке үкім шықты
Фото: Pixabay
Павлодарда жаңа туған нәрестесін өлтірген 19 жастағы студентке қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Сот материалдарына сәйкес, бойжеткен бір жарым жыл бойы жігітімен қарым-қатынаста болған. Жүктілігі белгілі болған кезде жігіт балаға жауапкершілік алмайтынын айтқан. Қыз туыстарының сөгісінен қорқып, жүктілігін жасырып, дәрігерге жүгінбеген.
2025 жылдың қазан айында студент жатақхананың жуынатын бөлмесінде қыз баланы дүниеге әкелген.
Сот үкімінде көрсетілгендей, босанғаннан кейін психологиялық күйзеліс жағдайында болған қыз сәбидің жылаған дауысы естіліп қалады деп қауіптеніп, қылмыс жасауға барған.
Сотталушы жаңа туған сәбиді сүлгіге толық орап, тыныс алу жолдарын жауып тастаған. Соның салдарынан нәресте шетінеп кеткен, – деп көрсетілген Павлодар қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының үкімінде.
Іс Қылмыстық кодекстің «Психотравмалық жағдайда анасының жаңа туған баласын өлтіруі» бабымен қаралды.
Айыпталушы өз кінәсін толық мойындап, өзін бас бостандығынан айырмауды сұраған. Жеңілдететін мән-жайларды ескере отырып, сот оған екі жыл мерзімге бостандығын шектеу жазасын тағайындады.