Ішкі істер министрінің 2025 жылғы 23 маусымдағы бұйрығымен Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің ішк...
Рахат Сәрсеновтің бұрынғы жұмыс берушісі сұхбат берді
Коллаж: әлеуметтік желі
Журналист Руслан Өтепбай жылқышы Рахат Сәрсеновтің бұрынғы жұмыс берушісі Тәжіғали Елеуовпен кездесіп, оған қатысты көпшілікті толғандырған мәселелер жөнінде ашық сұхбат жазғанын мәлімдеді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Журналистің айтуынша, сұхбат барысында Рахат Сәрсеновтің еңбек жолы, өзара қарым-қатынасы және қоғамда қызу талқыланып жатқан оқиғалар сөз болған.
Әңгіме соңында Руслан Өтепбай Тәжіғали Елеуовке қоғамның қолдауымен Рахат Сәрсеновтің отбасы баспаналы болғанын жеткізген. Алайда бұл ақпаратқа қатысты кәсіпкер күтпеген мәлімдеме жасап, жаңа үйдің өз қаржысына алынғанын айтты.
«Рахат Сәрсеновтің отбасы баспаналы болды» дегенімде, ол: «Ол менің ақшама алынған үй», – деп жауап берді», – дейді журналист.
Бұл мәлімдеме әлеуметтік желі қолданушыларының қызығушылығын тудырып, қызу талқылана бастады. Көпшілік кәсіпкердің бұл сөзінің мән-жайын толық білгісі келетінін айтып, сұхбаттың жариялануын күтуде.