Павлодарда зейнеткер алаяқтың құрығына түсе жаздады

Фото: Polisia.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
711

Павлодарда зейнеткер алаяқтардың құрбаны болып, 10 мың долларынан айрылуына сәл қалды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Полиция мәліметінше, алаяқтар зейнеткерді қорқытып, жинаған 10 мың долларын беруге көндірмек болған. Оған бейтаныс ер адам қоңырау шалып, өзін Қаржылық мониторинг агенттігі қызметкері ретінде таныстырған. Зейнеткерді бұрын жұмыс істеген кезінде алаяқтарға ақша аударуға көмектескен деп айыптап, қылмыстық іс қозғалатынын айтқан.

«Қатты қорқып, белгісіз адамдардың барлық нұсқауын бұлжытпай орындадым. Екі күн бойы олар маған қайта-қайта қоңырау шалып, ешкімге айтпауымды талап етті. Кейін такси шақырып, банктен ақшамды шешіп, оны долларға айырбастап, Грузияға аударуды тапсырды», дейді зейнеткер.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көкшетауда жекеменшік тұрғын үйден өрт шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, өртке найзағайдың түсуі себ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желіде кеңінен тараған «Курьер ана» видеосының авторы Алмат Несіпқалиев аталғ...