Бүгін Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Мемлекет басшысы болып сайланғанына тура 5 жыл толып отыр. Бірден...
39 жастағы миллиардер Телеграмға қатысты жаңа өзгерісті атап өтті
Фото: detector.media
Telegram негізін қалаушы Павел Дуров француз тергеу судьяларына мессенджердегі контент модерациясын күшейтуге уәде берді, деп хабарлайды madeniportal.kz orda.kz тілшісіне сілтеме жасап.
Сотта Дуров платформаның ай сайын заң бұзғаны үшін 15 миллионнан 20 миллионға дейін аккаунттарды өшіретінін айтты. Сондай-ақ ол соңғы жарты жылда мессенджердің құқық қорғау органдарымен белсенді әрекеттесіп, 10 мың қолданушы туралы мәліметтерді түрлі елдердің билігіне бергенін атап өтті. Сонымен бірге Дуров заңсыз контентпен күресу мәселесі тек Telegram-ға ғана емес, басқа да ұқсас қызметтерге қатысты екенін мәлімдеді.
Француз сот жүйесі өз кезегінде 2017-2024 жылдар аралығында Telegram арқылы жасалған қылмыстарға қатысты 2 мыңға жуық қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Сонымен қатар, тергеушілердің айтуынша, қабылданған шараларға қарамастан, соңғы айларда платформа заңсыз мақсатта одан да белсенді қолданыла бастады. Дуров жеке қолданушылардың мұндай әрекеттері Telegram беделіне де, қызметіне де нұқсан келтіретінін мойындады.
Франция азаматтығын алған 39 жастағы миллиардер Павел Дуров 24 тамызда Ле Бурже әуежайының ұшу-қону жолағында ұсталды. Дуров Францияда іздеуде болды. Оған сот полициясының Ұлттық басқармасы алдын ала тергеу негізінде іздеу жариялаған. Бірнеше күннен кейін Дуровқа айып тағылып, кепілмен босатылды. Жауап алу кезінде Павел Дуров Францияның Ішкі қауіпсіздік бас басқармасының қызметкерлерімен байланыста болғанын айтты.
Париж прокуратурасы Дуровқа қарсы ұйымдастырылған алаяқтық, мемлекеттік органдарға заңмен рұқсат етілген телефонды тыңдау үшін ақпарат пен құжаттарды беруден бас тарту, кәмелетке толмағандардың порнографиялық суреттерін тарату және есірткі саудасы сияқты 12 айыпты тізіп берген.