"Жаңа пәтерінде атып кеткен": Қарағандыда жауыздықпен өлтірілген анасы мен қызы жер қойнына тапсырылды

ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
307

Сәтбаев қаласында облыс орталығында қайғылы жағдайда қаза тапқан ана мен қызды соңғы сапарға шығарылды, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Қайғылы оқиға әйел жуырда ипотекаға пәтер сатып алып, қоныс тойын жасаған «комфорт-плюс» санатындағы жаңа тұрғын үй кешенінде болған.

КТК мәліметінше, қарағандылық әйел байланысқа шықпай қойған кезде оның туыстары дабыл қаққан. Бір тәуліктен кейін жақындары оның үйіне келгенімен, есікті ешкім ашпаған. Құлыпты бұзып кірген кезде пәтерден үй иесі мен оның 12 жастағы қызының мәйіттері табылған. Бейресми мәлімет бойынша, оларды атып кеткен.

Құрылыс компаниясының өкілі Әлібек Өміржан бұл отбасының сырт көзге жағдайы жақсы, үлгілі көрінгенін айтты.

«Өте мейірімді отбасы еді, сыпайы, ашық-жарқын адамдар болатын. Ешқандай күмән тудырмайтын. Ашық, екеуі де жағдайы бар адамдар. Үйдің өзі де комфорт-плюс санатында, яғни мұнда негізінен ауқатты адамдар тұрады», – деді ол.

Жаңа үйде жөндеу жұмыстарын көп пәтер иелері әлі аяқтамағандықтан, көршілер ешқандай шу немесе айқай естімеген. Бейнебақылау камералары арқылы полиция қызметкерлері пәтерден соңғы болып марқұм әйелдің бірге тұратын адамы шыққанын анықтаған. Ол бірден іздеуге жарияланған.

Қарағанды облысы полиция департаментінің ресми өкілі Бақытжан Құдияров тергеу барысына қатысты пікір білдірді.

«Қарағанды облысының Ақтоғай ауданы аумағында Қарағанды қаласында әйел мен оның қызын өлтірді деген күдікке ілінген 39 жастағы ер адамның мәйіті табылды. Алдын ала мәлімет бойынша, ол өзіне тіркелген қарумен өзін-өзі атып, суицид жасаған», – деді Бақытжан Құдияров.

Еске сала кетейік, 27 наурыз күні Қарағандыда әйел мен оның кәмелетке толмаған қызын өлтірді деген күдіктінің өлі күйінде табылғаны белгілі болды. Полицияның мәліметінше, қылмыс жасағаннан кейін ер адам қаладан шығып кеткен. Тергеу жалғасып жатыр.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Таразда өткен кәсіби бокс кешінде қазақстандық Дулат Бекбауов пен өзбекстандық Абдурасул Исмоиловтан...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Жаңаөзенде 22 ақпаннан бері із-түзсіз жоғалған Совурбек Түлкиев Жақсылықұлына іздеу жұмыстары жүргіз...