Шымкентте Ұлы Отан соғысының соңғы ардагері көз жұмды

Фото: Рабат газеті

ЖАҢАЛЫҚТАР
1079

Шымкентте 27 қараша күні қаладағы соңғы соғыс ардагері Мұраталы Төлепбергенұлы дүниеден өтті, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Екінші дүниежүзілік соғыстың жауынгері биыл мамыр айында жақындарының ортасында Ұлы Жеңістің 80 жылдығын ғана емес, өзінің 100 жылдық мерейтойын да атап өткен еді.

Мұраталы Төлепбергенұлы 1943 жылы 18 жасында майданға аттанған. Ол 339-шы танкіге қарсы артиллериялық бөлімнің құрамында радист болып қызмет етті.

«Мұраталы Төлепбергенұлы Бресттен бастап, Украина мен Польша жерлерінде шайқасқан, Германияға дейін барған. Жеңістен кейін тағы бес жыл оккупациялық әскер қатарында әскери қызметін жалғастырған», — делінген хабарламада.

Көрсеткен ерлігі мен батылдығы үшін ол II дәрежелі «Отан соғысы» орденімен, «Ерлігі үшін», «Варшаваны азат ету үшін» және «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» медальдарымен марапатталған.

Ардагер өмірінің соңғы жылдары тұрған Түлкібас ауданында әскери құрметпен жерленді. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда бұрын полиция қызметкері болған ер адамның қазасына қатысты іс қоғамда қызу талқыланып жаты...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Актер әрі сценарист Рамазан Амантай әлеуметтік желіде өзінің сыртқы келбетіне қатысты пікір білдірге...