Серік Сәпиев 1983 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік...
Петропавлда әжесі мен немересі газдан уланды
Фото: freepik
2788
Петропавлда әжесі мен немересі үйді жылыту үшін бензин генераторын орнатып, салдарынан улы газдан уланып қалды, деп хабарлайды madeniportal.kz.
КТК арнасының мәліметінше, оқиға Заречный ықшамауданындағы саяжайда болған. Су тасқынынан кейін бұл маңда әлі электр жарығы болмаған. Үйде бензин генераторы қолданылған. Бөлме бірден жану өнімдеріне толып, салдарынан әжесі мен немересі уланып қалған.
14 жастағы қыз анасына қоңырау шалып, әжесі екеуі кенеттен ауырып қалғанын хабарлаған. 68 жастағы зейнеткер жансақтау бөліміне, ал бала балалар ауруханасына жатқызылды. Дәрігерлер екі зардап шегушінің де жағдайын орташа ауыр деп бағалады.