Тұрғын үй кезегінде тұрған 8 мыңнан аса отбасы баспаналы болды

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
103

Былтырғы жылдың қыркүйегінен бері жергілікті атқарушы органдар Отбасы банкке 12 760 жалдамалы пәтер тапсырған, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

«Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы – Отбасы банк ұлттық даму институты ретінде 8 031 кезекте тұрған азаматтың қоныс тойын тойлауына көмектесті.

Олардың көпшілігі пәтер кезегін 20 жылдан астам күткен. Енді олар болашақта жекешелендіруге болатын жалдамалы баспанада тұрып жатыр.

Үй алғандардың басым бөлігі көпбалалы отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі және ерекше қажеттілігі бар бала тәрбиелеп отырған азаматтар. Қазір өңірлерде тағы 4 729 пәтерді бөлу жұмыстары жүріп жатыр. Қазіргі таңда тұрғын үй кезегінде 982 705 қазақстандық тұр.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астана мен Алматыдан кейін полицияға көмекші робот-иттер Ақтауда қолданылады, деп хабарлайды MadeniP...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астана тұрғындары мен қонақтары 16 мамырда ашылған LRT-ні белсенді түрде пайдаланып жатыр, деп хабар...